Президенттің тапсырмасы бойынша, елімізде азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы жинақтарын пайдалану жөніндегі бағдарлама іске қосылды. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын орындау аясында 16 075 қарыз алушы бұған дейін банктерден тұрғын үйлері үшін алған жалпы сомасы 62 миллиард 41 миллион теңге ипотекалық қарызын толық өтеді.