USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшы Жаңаөзен бойынша Үкіметке тапсырма берді

  • 03.қантар.2022, 11:32,
  • 998

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс екенін қадап айтты.

Сондай-ақ Президент Twitter -дегі парақшасында Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсыратынын жазды.


Оған қоса Мемлекет басшысы азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы барын, бірақ бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керектігін баса айтты.


Айта кетсек, 2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындарының сұйытылған газ бағасына қатысты наразылық білдіргені белгілі болды.


ҚР Энергетика министрлігі электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газын саудалау 2019 жылы қолға алынғанын еске салды.


Бұл процесс үш жыл ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Осылайша 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауар биржалары арқылы ТМД сауда-саттық алаңына толығымен өттік.


"Маңғыстау облысында қаңтар айында сұйытылған газды жеткізуде бір тоннасы үшін орташа көтерме бағасы 133 126 теңгені немесе бір литрі 78 теңгені құрады. Бұл ретте Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау ауданында бөлшек сауда баға, мәселен сұйытылған газдың бір литрі 100-120 теңгені құрады", - деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.


Маңғыстау облысының Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев бүгінгі таңда өңірде қажетті газ көлемі бар екенін атап өтті. Зауыттар штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ал тауарды жеткізу кесте бойынша жүзеге асырылады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.10.2021
27.07.2021
04.11.2020
28.02.2020
10.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930