USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанға қызанақ пен бұршақ кіргізуге тыйым салынды

  • 08.июня.2021, 15:33,
  • 253

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешініндегі мемлекеттік инспекция комитеті 2021 жылдың 7-маусымынан бастап Түркменстан аумағынан қызанақ пен бұрыш өнімдерін әкелуге тыйым салып, уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізді.

Бұл – қызанақ пен бұрыштан карантиндік организмдердің анықталу жағдайларының жиілеуіне байланысты енгізілген шаралар.

Түркменстанның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік қызметінің фитосанитариялық сертификаттарының сүйемелдеуімен Қазақстанға жеткізілетін қызанақтарға карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде "қоңыр әжім" вирусының (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) 19 дерегі анықталды.


ISPM № 13 "Сәйкессіздік және шұғыл әрекет ету туралы нотификациялау нұсқаулығы" фитосанитариялық шаралар жөніндегі халықаралық стандарттың ережесіне сәйкес (Рим, 2002), Түрікменстанның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік қызметінің атына карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы туралы нотификациялар жіберілді.


Көрші республиканың уәкілетті органдарының экспортталатын өнімде вирустың пайда болу себептерін тексеру туралы объективті деректерінің болмауына байланысты және Қазақстан аумағындағы карантиндік фитосанитариялық ахуалды ушықтырып алмау мақсатында Комитет 2021 жылдың 7-маусымнан бастап Түрікменстаннан қызанақ пен бұрыш әкелуге уақытша тыйым салды.


Жалпы, өсімдіктер карантині саласында жыл басынан бері Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге қатысты 1300-ден астам заң бұзушылық анықталды. Карантиндік фитосанитариялық талаптарды бұзып, карантинге жатқызылған 11 мың тонна өнімді жеткізбек болғандардың жолы кесілді. Қазақстанға жеткізілетін өнімнен карантиндік объектілер табылған 155 жағдай тіркелді. Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 56 млн теңгеден асатам сомада айыппұл төледі.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.07.2020
08.06.2020
04.05.2020
15.04.2020
04.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031