USD 503.15
EUR 543.3
RUB 5.93
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бекеттер баға спекуляциясына жол беруі мүмкін деген болжамға негіз бар

  • 03.қантар.2022, 19:24,
  • 1 041

Маңғыстау облысының ай сайынғы тұтынуы 18 мың тоннаны құрайды, бұл «ҚазГӨЗ» ЖШС – 14,5 мың тонна, «Атырау МӨЗ» ЖШС – 3,5 мың тонна есебінен өтеледі. Бұл ретте шамамен автокөліктердің 90%-ы газды отын ретінде пайдаланады.

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевтің мәліметінше, 2021 жылғы 20-25 желтоқсанда өткізілген сауда қорытындысы бойынша АГТС үшін сатып алу бағасы:


·        ҚазГӨЗ – тоннасына 130 684 теңге немесе литріне 77 теңге;

·        АМӨЗ –  тоннасына 109 872 теңге немесе литріне 65 теңге.


Логистикалық шығындарды ескере отырып, Маңғыстау облысының АГТС-тері үшін газдың өзіндік құны тоннасына 136 723 теңге немесе литріне 80 теңге шегінде қалыптасты.


"Маңғыстау облысындағы ағымдағы бөлшек бағасы литріне 100-ден 120 теңгені құрайды. Сәйкесінше, АГТС маржасы литріне 20-40 теңгені немесе 25-50%-ді құрады. Бұл бізге АГТС арасында мүмкін болатын баға алыпсатарлықтары туралы болжам жасауға негіз береді", - деп хабарлады Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.


Бүгін Үкіметте Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін комиссия құрылғаны хабарланған болатын.


Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының автогаз толтыру станцияларының иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120-дан 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. 


Ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және баға дәліздерін белгілеу жолымен газ бағасының алыпсатарлық секірулеріне жол бермеу жөніндегі жүйелі шаралар іске асырылатын болады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.01.2022
12.10.2021
09.04.2021
24.08.2020
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930