Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауар биржалары арқылы ТМД сауда-саттық алаңына толығымен өттік.
"Электрондық сауда-саттық арқылы газ сату нарықтың барлық қатысушылары үшін тең және алаламайтын жағдайлар тудырып, ТМД-ның қажетті көлемдерін тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді", - деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар айында тауар тасымалдаушылар Маңғыстау облысы үшін өндірушілерден 17 406 тонна сұйытылған мұнай газын сатып алған.
20-24 желтоқсан аралығында электронды сауда алаңында бес сауда сессиясы өткізілді, оның барысында сұраныс пен ұсыныс негізінде сұйытылған мұнай газының бағасы қалыптасты.
Маңғыстау облысында қаңтар айында сұйытылған газды жеткізуде бір тоннасы үшін орташа көтерме бағасы 133 126 теңгені немесе бір литрі 78 теңгені құрады. Бұл ретте Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау ауданында бөлшек сауда баға, мәселен сұйытылған газдың бір литрі 100-120 теңгені құрады.
Министрлік қаңтар айындағы сауда-саттық сессиялары штаттық режимде өткенін атап өтті. Нарық механизмі өңірлердің көлемге қажеттілігін реттеді. Енді бүгінде сұйытылған газдың қажетті бұл көлемдері өңірлер бойынша жөнелтіліп жатыр.
2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындарының сұйытылған газ бағасына қатысты наразылық білдіргені белгілі болды.
Маңғыстау облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев бүгінгі таңда өңірде қажетті газ көлемі бар екенін атап өтті. Зауыттар штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ал тауарды жеткізу кесте бойынша жүзеге асырылады.