USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Газ бағасын төмендету мүмкін емес

  • 03.қантар.2022, 20:02,
  • 786

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сұйытылған газдың бір тоннасының өндірістік өзіндік құны 50-60 мың теңге деңгейінде болса, онда отын тапшылығы қаупі сақталатынын айтты. 

Ведомство басшысы сұйытылған мұнай газының құнын 50 теңгеге дейін төмендету мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді.

Ол барлығы өндірістің өзіндік құнына негізделгенін атап өтті. Бүгінгі таңда 1 тонна отынның өзіндік құны шамамен 100 мың теңгені құрайды.


"Бұл – 1 тоннасы 50-60 мың теңге болсын деген жұртшылық қалауынан артық сома. Бізде екі жағдай бар: біріншісінде бағаны төмендетіп, бірақ үнемі тапшылық күйінде отырамыз немесе зауыттарымыз бір сәтке тоқтайды. Қазір Жаңаөзен ГӨЗ бойынша жағдай соған сайып келеді. Немесе осындай көңілге қатты қонымды емес шаралар қабылданады. Бірақ бұған келіспеске шара жоқ, өйткені бұл – бетпе-бет келіп отырған объективті шындық", - деді Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.


Энергетика министрі барлық жерде ешкім алып тастамаған нарық заңдары бар екенін айтты.


Журналист министрден бас көтерушілердің талаптарын (бағаны 50 теңгеге дейін түсіру - авт.) орындауға дайын – дайын еместігін қайталап тағы сұрады.


"Бүгінгі таңда біз мұндай мүмкіндікті байқап отырған жоқпыз", - деп айтты Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.01.2022
03.01.2022
02.01.2022
12.10.2021
24.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930