Елімізде ұн бағасы 15 пайызға қымбаттаған. Ұнның келісі кей өңірлерде 360 теңгеге жетті. Соның салдарынан нан өнімдерінің бағасы да шарықтап бара жатыр. Қымбатшылық қыспаққа алды деген қараша бидай ұнын қабымен алуды ұмыттық деп қынжылады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.