USD 500.32
EUR 545.3
RUB 6
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ШҚО-да ер адам той үстінде оқ жаудырды

  • 02.қантар.2022, 10:37,
  • 1 306

Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде жаңа жылдық мерекені тойлап жатқандардың үстіне қарулы адам кіріп келіп, оқ жаудырды.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.



"Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында сағат 4:00 шамасында Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде екі жергілікті тұрғын өзара дүрдараздықтың салдарынан атыс қаруын қолдана отырып, бұзақылық әрекеттерге барған. Екеуара атыс кезінде ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Үржар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 293-бабы, 3-бөлігі, яғни "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, оған сәйкес жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Қабылданған шаралар нәтижесінде күдіктілердің екеуінің де жеке басы анықталды. Олардың бірі ұсталып, УҰИ-ға қамалды.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31