Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанда картоптың қымбаттауына қатысты өз ойын айтты. Оның айтуынша, қазақстандықтардың өздері жергілікті картопты сатып алғысы келмейді, одан импорт картопты артығырақ көреді. Бұл туралы ол ҚР Парламенті Сенатындағы отырыста айтты.