ДСМ локдаун енгізу туралы қауесетке пікір білдірді. Қазақстандық Желі қолданушылары "жақында локдаун енгізілетіні" туралы хабарлама таратып жатыр. Онда Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа қайта өткені және қалалар арасында қозғалысқа тыйым салынғаны айтылады. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Stopfake.kz.