USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақтардың тойларындағы қарапайымдылық қайда кетті?!

  • 08.июня.2021, 19:59,
  • 489

Әлемде той тойламайтын ұлт жоқ шығар. Әр халық өзінше жасайды. Қазақтың тойы негізі салт-дәстүрге байланысты жасақталған. 



Дегенмен ғасырлардағы даму мен қақтығыстар біздің тойды да өзгерте бастады.
Мен ес білгеннен бастап қандай той көрдім?...


Әрине, ауылдың тойы өзгеше еді ғой. Алдымен, «Түгеншенің баласы әскерден келіпті, енді пәленшенің қызын алайын деп жатыр- дейді»- деген жеңгелеріміздің болжамдары айтылады.


Ол рас болып шығады. Содан кейін, ауылда бір үйде барлық той-садақаны атқаратын «палатка» бар. Бірінші сол үйдің иесімен келісім жасалды.


Бірақ, сол палатканың құны қаншаға берілетінін сол кезде біз білмедік. Біреулердің айтуы бойынша екі шиша араққа бере салатын көрінеді.
Тойға құрметті қонақтарды шақыру үшін тізім жасалады. Тізімнің басында совхоз директоры, партком және мектеп директоры тұрады. Сол тізім бойынша бір қара сирақ бала ауылды тойға шақырады.


«Сәлем бердік, апа, бүгін кешке Аманшаның баласы келіншек әкеле жатыр соған тойға шақырып жүрмін» дейді болды. Ешқандай шақыру қағазы керек емес. Тойдың уақыты да айтылмайды. Өйткені, той мал келіп сауылғаннан кейін басталады. Келіншек шар байланған жеңіл көлікпен түске таман ауылды айналып шулатып келеді. Ауыл балалары көліктің соңында қуып жүреді. Той болатын палатканың алдында қызыл лента байлаулы тұрады. Оны екі жас қайшымен қиып кіреді. Шашу шашылады. Шампан атылады. Сосын үйге кірместен бет ашар басталады. Үйдің ішінде шымылдық. Ішінде үйленетін жігіттің жора-жолдастары мен құрдастары шала мас күйінде отырады. Тойдың иелері палатканыың ішіне ағаштан орындықтар әзірлейді. Ортада жас жұбайлар отыратын жерге үлкен қызыл кілем қағылады. Бір қолы епті келіншек жас жұбайлардың есімін мақтамен бажырайтып, ортасына екі ақуды салып қатырып қояды. Тойға алдын ала асаба дайындалмайды.
Сол шаңырақтың пысық күйеу балалары немесе тілі жүйрік нағашы ағалары тойды жүргізе береді. Ең бастысы мұнда - би. Микрафон аппаратура жоқ.


Тек магнитафон кассетаны шайнап тастамаса болды. Сол, 80-90 жылдардағы кездегі әуендер қазір әлі келе жатыр. Модадан қалмайды. Таң атқанша аулаға су сеуіп бидің әкесін танытады. Әтеш шақырып таң бозарып атып келе жатқанда, тойдан шыққан мастар столбаның түбінде керісіп жатады. Әйтеуір, күн қызғанда олар жаз сарайларында шыбын-шыбын болып ұйықтап жатады. Түс ауа бас жазуға сол үйдің қорасына келеді. Міне, бұрынғы мен білетін ауылдың тойы осы. Кейін қалаға келгеннен кейін, егеменді ел болғаннан соң, той өткізу өзгере бастады. Мені өзім алғаш 1999 жылы үйленгенде тойымның сценарийін алдын ала жазып шықтым. Театр маманы болғаннан соң, тойға неше түрлі әзілдер, көріністер қостым. Сол әзілдің біреуі тойға кешігіп келген кемпір болатын. Қазір 20 жыл өтседе, қазақтың әр –бір тойында осы әзіл ойналып жүр. Ал, бүгінгі тойлар шоу ғой. Бірінен-бірі озу мақсатында қазір неше түрлі асабалар шықты. Тіпті, жолдасының тойында жеген салаттарды, біздің тойға қоймаймыз дейтіндер де бар. Қазір той бәсеке. Ысырап. Сахнаның әншілері мен әртістері тойхана жағалап кетті.


Өйткені, мұнда көл-көсір табыс бар. Өнерде жалақы аз. Жалпы менің айтайын дегенім, қазір қазақтың қарапайым тойы азайып барады...


Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН, мәдениет қайраткері

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.02.2021
18.02.2021
06.11.2020
15.09.2020
12.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930