Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында өңірде 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қарастырылған, оның ішінде 7-і Түркістан қаласында және үш нысан Арыс және Сарыағаш қалаларында. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.