USD 515.89
EUR 536.32
RUB 5.17
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

БЖЗҚ қаржыны баспанаға қолдану қорытындысы

  • 08.июня.2021, 11:23,
  • 262

Президенттің тапсырмасы бойынша, елімізде азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы жинақтарын пайдалану жөніндегі бағдарлама іске қосылды. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын орындау аясында 16 075 қарыз алушы бұған дейін банктерден тұрғын үйлері үшін алған жалпы сомасы 62 миллиард 41 миллион теңге ипотекалық қарызын толық өтеді.

Берік Уәли Facebook-те атап өткендей:

47 133 қарыз алушы жалпы сомасы 144 миллиард 53 миллион теңге болатын тұрғын үй ипотекалық қарыздарының бір бөлігін өтеу үшін біржолғы зейнетақы төлем жүйесін пайдаланды.


8 889 қарыз алушы банктерден жалпы сомасы 150 миллиард 361 миллион теңге болатын тұрғын үй ипотекалық қарыздарын алу үшін алғашқы жарна ретінде біржолғы зейнетақы төлемі қаражатын пайдаланды.


Банктер бойынша ең көп қарыз алушы "Отбасы Банк" акционерлік қоғамында тіркелген. Олардың жалпы саны – 37 228. Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану арқылы тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша берілген жаңа тұрғын үй ипотекалық қарыздарының мөлшері – 125 миллиард 29 миллион теңге. "Сбербанк" АҚ ЕБ – қарыз алушылар саны бойынша екінші орында. Олардың жалпы саны – 11 483. Одан кейін "Қазақстанның Ұлттық Банк" акционерлік қоғамынан – 9 488 және "Банк Центр Кредит" акционерлік қоғамынан – 8 432 адам қарыз алған. Аталған банктерден біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану арқылы жаңадан алынған тұрғын үй ипотекалық қарыздарының мөлшері – 23 миллиард 167 миллион теңге, деп жазды Тоқаевтың баспасөз хатшысы.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.05.2021
13.02.2021
28.01.2021
28.01.2021
09.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031