USD 491.59
EUR 572.16
RUB 6.24
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда екі троллейбус соқтығысты

  • 08.июня.2021, 18:35,
  • 206

Алматыдағы Достық даңғылында, Қарасай батыр көшесімен қиылысатын жерде 11-ші және 25-ші маршруттың екі троллейбусы соғысты. 

11-ші троллейбус жолаушыларды түсіру үшін аялдамада тоқтап тұрған. Түсетін адамдары түсіп, енді қозғала бергенде 25-ші троллейбус оны арттан келіп соққан екен.

Соққының жойқын болғанына қарамастан, бір адам ғана жарақат алды. Ол – арттан келіп соғылған 25-ші троллейбустың әйел-жүргізушісі. Жолаушыларға түк болмады.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем жүргізушілері жарақат алған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Әйтсе де жол апатына кінәлі әйел ауруханаға барудан бас тартты.

Ол кісі алдындағы троллейбусты соғуға не себеп болғанын түсіндіре алмады.




#тролейбус #соқтығыс #апат #Алматы #жолаушы #жүргізуші 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031