АҚШ-тың Ауғанстандағы бейбітшілік пен келісім бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад 13 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифинг кезінде Қазақстанға сапарының мақсаты туралы айтты.
Сумен қамтамасыз ету "әзірге" экономика және халық сұранысын қанағаттандырып отыр. Бұл туралы экология министрі Мағзұм Мырзағалиев халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
"Қазгидромет" Қазақстан бойынша 2021 жылдың 15-17 маусымындағы ауа райы болжамын жариялады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салдырушылардың соңғы мәліметін жарилады.
ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерін бекіту туралы бұйрық жобасын талқылауға ұсынды.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев қазақстандықтарға Ақмола облысында орналасқан Көбейтұз көліне түспеуді сұрады. Ол одан қауіпті заттар табылғанын атап өтті.
Ұлыбританияның Корнуолл графтығында "Үлкен жетіліктің" үш күндік саммиті аяқталып жатыр. Әлемнің ең озық жеті мемлекетінің басшылары пандемия салдарынан екі жылға жуық уақыттан бір-ақ кездесіп отыр.
Қазақстандықтарға енді Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметін тұтыну үшін алдын ала брон жасаудың қажеті жоқ. Ashyq қосымшасы арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіруге болады.
Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен экономиканың креативті секторын дамыту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, онда осы салаға жатқызуға болатын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары қаралды.
Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Орал қалаларында сенімді азаматтардың ақшасын тарту бойынша алаяқтық схеманы анықтаған.