2 қаңтарда Эрик Адамс пен жанында жүрген бірнеше адам қала ішінде велосипедпен жүрді.
Бір күн бұрын қала басшысы күзетсіз метромен мегаполис мэриясына жеткен.
Бір қызығы, Эрик Адамс көшеде жастардың төбелесін байқап, бұл туралы полицияға хабарлаған.
Нью-Йорктің жаңа мэрі мегаполистегі қаладағы жұмыссыздық пен қылмыс әлі де жоғары деңгейде екеніне алаңдаулы. Ол қылмыспен күресті күшейтуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, қала басшысы полиция реформасын реттейтінін мәлімдеген еді.
Эрик Адамс бұған дейін қалалық полицияда жұмыс істеген, кейіннен Бруклин ауданының басшысы қызметінде болды.
Адамс 1 қаңтардан бастап Американың ең ірі мегаполисінің мэрі болды. Ол – қала тарихындағы екінші қара нәсілді әкім.