USD 537.75
EUR 626.43
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ҚХР АҚШ-на ядролық арсенал жөнінде кеңес берді

  • 04.қантар.2022, 13:25,
  • 1 431

ҚХР СІМ қару-жарақты бақылау департаментінің директоры Фу Цун америкалық БАҚ-тың Қытай континентаралық баллистикалық зымырандар үшін кемінде үш алаң салып жатқандығы туралы хабарламаларына түсініктеме берді.

"Шахталарға келетін болсақ, мен бұл туралы да оқыдым, бірақ бұл қарама-қайшылықты хабарламалар, біреу бұл зымырандарға арналған шахталар, біреу жел генераторлары дейді. Мен қандай да бір хабарламаны растайтын жағдайда емеспін. Бірақ бұл суреттер негізінде Қытайдың ядролық күштерінің мөлшерін есептеуге тырысу маңызды емес деп едім", - деп хабаралады ҚХР СІМ қару-жарақты бақылау департаментінің директоры Фу Цун.


Қытайда континентаралық баллистикалық зымырандарға арналған үш алаң салынып жатқандығы туралы ақпарат шілде айында америкалық БАҚ-та пайда бола бастады. Ганьсу провинциясындағы Юймэнь қаласының маңында 119 ұшыру шахтасының құрылысы, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы 110 шахта, Қытайдың батысындағы үшінші алаң туралы хабарланды, онда 100-ден астам жаңа Дунфэн-41 зымырандарын орналастыру жоспарланған. Сарапшылар спутниктік суреттерді талдады, ал штат шенеуніктері бұл үш алаңда 350-ден 400-ге дейін алыс қашықтықтағы ядролық зымырандарды орналастыруға болады деп мәлімдеді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.08.2021
02.06.2021
01.08.2020
22.06.2020
24.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031