2021 жылғы 1 шілдеден бастап дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ орындардағы орындарды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) орнатуды қамтамасыз етуге міндетті, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға құқылы. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді.