USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Владимир Божко жаңа лауазымға тағайындалды

  • 08.июня.2021, 13:43,
  • 160

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының бұрынғы орынбасары Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі республикалық орталық штабында жаңа қызметке тағайындалды. 

2021 жылдың 1 маусымынан бастап Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі Республикалық орталық штабы (КӘАҚҚ РОШ) бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

1971 жылы Владимир Божко Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1976 жылы КСРО МҚК Жоғары курстарын бітірді. Мамандығы: "Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру"; "Операциялық құрам".

Бұған дейін әр жылдары ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінде жетекші қызметтер атқарды. Генерал-лейтенант шені бар.

2007-2014 жылдар аралығында Владимир Божко Төтенше жағдайлар министрлігін басқарды, ал 2016 жылы Мәжіліс Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Отан алдындағы ерекше қызметі үшін ол I дәрежелі "Барыс", II дәрежелі "Айбын" ордендерімен, КСРО, Қазақстан Республикасының және шет елдердің 43 медалімен марапатталған.


#Божко #қызмет #тағайындау #саясат #КӘАКҚ #штаб 


скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930