USD 497.89
EUR 520.89
RUB 5.47
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Томирис Байсафаның өліміне қатысты сот қайта өтетін болады

  • 02.қантар.2022, 15:48,
  • 1 239

Мәскеудің Никулин соты Томирис Байсафаны өлтірді деп айыпталған Мұртазәлі Меджидовтың ісін қайта қарайды.

2021 жылдың 7 маусымында алқабилер Меджидовты кінәлі емес деп таныды, бірақ Мәскеу қалалық соты оның күшін жойып, істі қайта қарауға жіберді.


2018 жылдың 13 сәуірінде қазақстандық Томирис Байсафа ММШХҚ-ның төртінші қабатының терезесінен құлап кетті. Қыз Мәскеудегі универсиеттің Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының 4-курсында оқып жүрген. Дәрігерлер қызға бірнеше ота жасады, бірақ үш аптадан кейін ол ауруханада қайтыс болды. Ресейдің Тергеу комитеті "Өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша тергеуді бастады. Кейінірек бұл іс "Кісі өлтіру" бабы бойынша қайта бағаланды.


Екі жылдан кейін 2020 жылдың 28 шілдесінде бұл іске қатысты Мәскеуде Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Мұртазәлі Меджидов ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, Меджидов қызды ұрып, терезеден итеріп жіберген.


Мұртазәлі Меджидов тергеудің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауапқа алынды. Трагедия орын алған күні оны Томириспен бір аудиторияда болғанын көргендер бар. Жігіт пен қыздың ұрсысқаны да айтылады. Бірақ оған қарсы дәлелдердің болмауына байланысты "Өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.07.2021
12.07.2021
08.06.2021
15.10.2020
29.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728