USD 536.32
EUR 626.9
RUB 6.6
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ШҚО-да жер үйден өрт шығып, 2 адам зардап шекті

  • 29.июня.2021, 20:06,
  • 302

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 29 маусымда Қасым Қайсенов кентіндегі жер үй өртенген. 

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенше 1970 жылғы ер адамның денесінің 15%-ын күйік шалды. Ал мансардтық қабаттың терезесінен секіріп кеткен 1972 жылғы азамат түрлі жарақаттар алған. Зардап шеккендер бірден ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ 1967 жылғы әйел 1 қабаттың терезесінен сыртқа шығып үлгерген. Жедел жәрдем қызметкерлерінің қарауынан кейін ол үйіне жіберілді.

«Өрт сөндірушілер хабар түскеннен кейін 3 минут ішінде келіп, дереу тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Жалпы ауданы 50 шаршы метрге жеткен қызыл жалын мансардтық қабат қабырғаларын, шатырды, терезе мен есік блоктарының ағаш құрылымдарын шарпыған. Көп ұзамай өрт толықтай өшірілді», - делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі - электр сымдарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан болып отыр.



#өрт #ТЖ #жалын #от #өлім 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
02.05.2021
23.02.2021
21.01.2021
27.10.2020
23.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031