Қаланың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қаулы етті:
онлайн форматта ұйымдастыруды қоспағанда, жабық ғимараттарда қалалық мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
саябақ аймағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлеріне тыйым салу;
Ashyq жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін театрлардың, филармониялардың жұмысын отыратын орындар санының 20%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру;
Ashyq жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін кинотеатрлардың жұмысын отыратын орындар санының 30%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру.
Қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Қаулы 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, елордада карантин кейінгі рет 24 маусымда күшейтілген болатын.
#карантин #пандемия #эпидемия #коронавирус #Нұр-Сұлтан