USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде локдаун бола ма? ДСМ жауабы

  • 29.июня.2021, 14:54,
  • 154

ДСМ локдаун енгізу туралы қауесетке пікір білдірді. Қазақстандық Желі қолданушылары "жақында локдаун енгізілетіні" туралы хабарлама таратып жатыр. Онда Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа қайта өткені және қалалар арасында қозғалысқа тыйым салынғаны айтылады. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Ведомство мәліметі бойынша, бүгінде кей аймақтарда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантин күшейтілген. Олар сауда орталықтары, дәмханалар және түнгі клубтардың жұмыс уақытын қысқартуға, қоғамдық көліктерді дезинфекциялау уақытын ұлғайтуға және т.б. қатысты.

"Ел аумағына локдаун енгізілмейді. Қалалар арасында ұшулар мен жерүсті көлік қозғалысы штаттық режимде жұмыс істейді. Блокпосттар қойылмаған", - деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Қазақстанда "дельта" штамының тарауына байланысты коронавирус жұқтыру деңгейі өскені байқалады. Өсім аптасына 39 пайызға дейін жеткен.

Коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары кірген. "Сары" аймақта - Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстары. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.



#ДСМ #локдаун #пікір #карантин #коронавирус #пандемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.06.2021
28.05.2021
14.05.2021
09.04.2021
16.03.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031