USD 514.5
EUR 582.67
RUB 6.35
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағанды саябағында жерленген арыстанның өлім себебі аталды

  • 29.июня.2021, 14:24,
  • 177

Мал дәрігерлері Қарағанды орталық саябағында жерленген арыстанның өлім себебін атады. 

Мал дәрігерлерінің мәліметінше, саябақтан табылған аң африкалық арыстанның 10 айлық күшігі. Оның аты Марс және Қарағанды зоосаябағында тұрған. Арыстанның денесін ашқанда, оның инфекциялық аурудан өлгені белгілі болған. Сонымен қатар иесі мал дәрігерлеріне хабарласқан және ветеринарлық құжат пен қажетті анықтамалары бар.

"15 маусымда жануар ауырып, жеке мал дәрігерлік емханасында емделген. Жүргізілген емдік шараларға қарамастан, 22 маусымда ол өлген. Жануардың денесі табылған соң Михайловск полиция бөлімінің жазбаша ұйғарымы бойынша жеке мал дәрігерлік емханада денеге патологанатомиялық зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде жануардың панлейкопения секілді инфекциялық аурумен ауруы мүмкін екені анықталды. Бұған ішектің жуан бөлігінің және шажырқайдың жағдайы мен құрсақ қуысында жиналған сұйықтық дәлел бола алады. Ауру мен өлім арасында тікелей байланыс бар", - деп хабарлады Қарағанды облысы аймақтық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясындағылар.

Арыстанның денесі ашылған соң жануарлар зиратында, Беккари шұңқырында жойылды. Қазір полиция қызметкерлері иесінің арыстанды неліктен саябақ аумағында көмгенін анықтап жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін арыстанның иесі жануардың өлгенін хабарламағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.

Еске салайық, Қарағанды саябағында жерленген арыстан табылғаны туралы ақпарат 25 маусымда пайда болды.




#арыстан #өлім #саябақ #Қарағанды 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.05.2021
05.04.2021
16.03.2021
12.02.2021
23.11.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031