USD 538.33
EUR 626.99
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қытай орбитадағы жаңа станциясына алғашқы экипажын ұшырды

  • 17.июня.2021, 18:40,
  • 242

Қытай алғашқы экипажын Жер орбитасындағы жаңа станциясына ұшырды. "Шэньчжоу-12" ғарыш кемесі "Чанчжэн-2F" зымыран тасығышының көмегімен орбитаға шығарылды. Бұл туралы centralasian.org мәлімдеді. 

Кеме елдің солтүстігіндегі Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылды.

Ғарыш кемесінде үш адам бар. Олар орбитада үш ай болады.

Экипаж құрамында 56 жастағы Не Хайшэн, 54 жастағы Лю Бомин және 45 жастағы Тан Хунбо бар. Хайшэн бұған дейін екі мәрте ғарышқа ұшса, Бомин ғарышта бір рет болған. Хунбо алғаш рет ғарышқа көтерілді.

Олар ашық ғарышқа екі рет шығып, станция жұмысын тексереді және робот манипуляторды сынақтан өткізеді.

Қытайдың жаңа "Тяньгун" ("Аспандағы сарай") ғарыш станциясы орбитаға биыл сәуірде шығарылды. Онда үш адам өмір сүретін орын бар. Станцияға екі жылда екі зертхана қосылады. Сол кезде станцияның жалпы салмағы жүз тонна болады.


#ғарыш #айлақ #экипаж #Қытай #станция #Хунбо 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.04.2021
12.04.2021
24.12.2020
29.11.2019
23.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031