USD 443.37
EUR 474.49
RUB 4.83
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Текеліде көпқабатты үйдің сылағы сылынып түсті

  • 17.июня.2021, 16:01,
  • 148

Текеліде қатты желдің күшіне шыдамаған көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы сылағы сылынып түсті. Әйтеуір, ешкім зардап шекпеген. Осылайша, бірер жыл бұрын жасалған жөндеу жұмыстарының сапасы қайта сыр беріп жатқан көрінеді. Өйткені, 2009-жылы қолданысқа берілген баспананың сыртқы қасбеті 2018 жылы ғана ретке келтірілген екен. Оған бюджеттен 3,7 млн теңге қаржы жұмсалыпты. Тұрғындар да үйіміздің сырты осыған дейінгідей сұрықсыз болып, қанша тұрар екен деп алаңдаулы, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Анжела Карпенко:

Егер балалар ойнап жүрген кезде құласа не болар еді?! Оған кім жауап береді?! Бұл бірінші рет емес. Бұған дейін де осылай сырты түскен болатын. Әйтеуір, айтып, жүріп, әрең дегенде жасатқанбыз. Енді, міне, тағы құлап түсіп жатыр. Сапасы жоқ. Гипсокартон салып, сыртын сылай салған. Жаңбыр жауғанда дымқылданып, жел соққан сайын ұшып түсе бере ме? Жөндесе, сылағын бір-ақ алып тастап, қайта жасау керек.


Бұл үй коммуналдық баспана болғандықтан, сыртқы қасбетін жергілікті әкімдік жөндейді. Сондықтан, қазір тиісті шаруалар атқарылуда. Тұрғын үйдің айналасын тазартып, сылақтың үгінділерін сыртқа шығарған екен. Енді, жөндеу жұмыстарына қайта қаржы бөлінбек екен. Өйткені, мердігер ұсынған екі жылдық кепілдік мерзімі былтыр өтіп кеткен.

Аян Рысбеков, Текелі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:


Қатты жел болғаннан кейін, сыртқы фасадының штукатуркасы құлап қалған. Комиссия шығып, кемшіліктерді анықтап, дефектнй акт жасалынып, енді, сметалық есеп дайындалады. Содан кейін кезекті сессия отырысында қаралады. Қаражат бөлінгеннен кейін тендер арқылы мердігер анықталады. Содан кейін жұмыстар жүргізіледі. Биыл жасаймыз оны.



#Текелі #тұрғынүй #сапасыз #сылақ #опырылды 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.05.2021
25.03.2021
25.09.2020
10.09.2020
25.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031