Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, қиыр солтүстікте қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын күтілмейді. Республикамызда жел күшейеді, оңтүстік-батыста және батыста шаңды дауыл болады, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы жерінде қатты жел мен нөсер күтіледі, - деп хабарлады Қазгидромет РМК.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде түнде к бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің екпіні - 15-20, кей жерде 23-28 м / с құрайды.
Ақмола облысында кей жерлерде бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін, кей жерлерде күндіз жел екпіні 15-20 м / с, түнде 23-28 м / с болады.
Павлодар, Қарағанды облыстарында күндіз кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, жел екпіні 15-20 м / с болады деп күтіледі.
Жамбыл облысында күндіз бұршақ жауу мүмкін, таулы аймақтарда қатты жел тұрып, нөсер жауады деп күтіледі, жел екпіні - 15-20 м / с, кей жерде 23 м / с құрайды.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Түркістан және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м / с күшейеді.
Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлады департаменттегілер.
#ауа-райы #синоптик #Қазгидромет #ыстық #жаңбыр