USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ХҚКО Ashyq қосымшасы арқылы емін-еркін өтуге болады

  • 14.июня.2021, 14:27,
  • 324

Қазақстандықтарға енді Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметін тұтыну үшін алдын ала брон жасаудың қажеті жоқ. Ashyq қосымшасы арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіруге болады. 

Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысында қазақстандықтар қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарына Ashyq қосымшасы арқылы бара алады деп жазылған. Қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар клиенттер енді мемлекеттік қызметтерді алдын ала брон жасамай-ақ ала алады.


"Соның арқасында ХҚКО клиенттердің көбірек қабылдап қана қоймай, өз қызметкерлері мен келушілерін де сақтандыра алады. Сонымен қатар кезекті алдын-ала брондау мүмкіндігі сол режимде сақталады. Алдын ала броны барларда, тіпті артықшылық болады, ол адамды оператор белгіленген уақытта қабылдауға тиіс. Біз, енді адам ағыны көбейетінін түсінеміз, сондықтан санитарлық қауіпсіздік шараларын ұмытпауды сұраймыз - маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, зарарсыздандыру құралдарын қолдану", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" кеңесінің төрағасы Әділ Қожықов.


Әрбір фронт-кеңсе сканерлеуге арналған жеке QR кодын алды. Ол ғимараттың кіреберісіне орналастырылады. Ashyq қосымшасы болмаса, онда Ashyq функциясы бар Egov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана аласыз. Егер бұл қосымшалар да болмаса, мәртебені ЖСН көмегімен анықтауға болады.


Егер "сары" немесе "қызыл" мәртебе анықталса, мұндай клиенттер ХҚКО ғимаратына жіберілмейді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
17.05.2021
02.09.2020
17.08.2020
05.05.2020
30.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930