USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Көбейтұзға барам деушілердің санын қысқарту керек

  • 14.июня.2021, 16:14,
  • 238

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев қазақстандықтарға Ақмола облысында орналасқан Көбейтұз көліне түспеуді сұрады. Ол одан қауіпті заттар табылғанын атап өтті. 

"Өткен жылы әкімдік көл суы мен тұзына талдау жасап, көңіл көншітпейтін қорытынды алды. Судағы тұздар құрамында ауыр металдар өте көп болып шықты. Көпшіліктен Көбейтұзға баруды қысқартуды сұраймын", - деді министр.


Мырзағалиев Көбейтұз адам денсаулығы үшін қауіпті еместігін атап өтті.


"Ерекше қорғалатын аумаққа келетін болсақ, бұл жергілікті атқарушы органның құзыретіне жатады, ол облыс аумағында орналасқан. Біз оны жергілікті режимдегі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналдыруды ұсындық, бірақ осындай зертханалық нәтижелер алынғандығына байланысты қазір әкімдік бұл мәселені зерттеуді ары қарай жалғастыруға құлықты. Алдағы бір-екі күнде облыс әкімімен сөйлесіп, осы мәселе бойынша жаңа ақпарат жариялауға уәде беремін", - деді министр.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.03.2021
02.09.2020
21.07.2020
03.06.2020
06.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031