USD 441.41
EUR 477.78
RUB 4.84
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Каникул жаңа оқу жылында қысқартылуы ықтимал

  • 14.июня.2021, 17:05,
  • 209

ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерін бекіту туралы бұйрық жобасын талқылауға ұсынды. 

Бұйрық жобасына сәйкес, 2021 - 2022 оқу жылының басталуы 2021 жылғы 1 қыркүйек деп бекітілген.

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.


Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.


Келесі жылғы оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдерін келесідей бөлу ұсынылады:

1-11 (12) – сыныптарда:


- күзгі каникул – 8 күн (2021 жылғы 25 қазан мен 1 қараша аралығында (өткен жылы 10 күнді құраған)),


қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында),


көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында (өткен жылы 12 күнді құраған));


1-сыныптар үшін қосымша каникул 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында) болады делінеді.


Бұйрық жобасы 28 маусымға дейін талқылауға ұсынылды.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031