Препаратты қытайлық "Sinovac Biotech Ltd" биофармацевтикалық компаниясы шығарған.
Қытайлық "CoronaVac" вакцинасының алғашқы партиясы 500 мың дозадан тұрады. Бұл препарат жақын күндері Қазақстан азаматтарына COVID-19 коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болатын төртінші препарат болады.
ҚХР-дан "CoronaVac" вакцинасын жеткізу туралы уағдаластықтарды іске асыруы COVID-19 пандемиясына бірлесіп қарсы тұруда қытайлық әріптестермен басталған сындарлы ынтымақтастықты сәтті жалғастырудың мысалы ретінде қарастырылады.
Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, келіп түскен вакцинаның партиясы қазақстандық және ресейлік қолда бар вакциналарымен қатар елдің барлық егу пункттерінде қолжетімді болады.
"CoronaVac" вакцинасын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағында қолдануға мақұлдады және елде қолданылатын "QazVac", "Спутник V" және "Hayat-Vax" вакциналарының тізбесін толықтырады.
Қазіргі уақытта "CoronaVac" препараты әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолданылады.
ҚХР-да халықты вакцинациялау бойынша жалғасып жатқан кең ауқымды науқанға қарамастан, қытайлық тарап жан-жақты және стратегиялық әріптестік пен тату көршілік қарым-қатынастарды атап өтіп, ҚР-ға өзінің әзірленген вакцинасын жіберді.
"CoronaVac" вакцинасында белсенді емес, белсенді зат SARS-CoV-2 антигені бар. Бір құтыда 0.5 мл/доза, препарат 14-28 күн аралығымен екі рет вакцинациялауды көздейді. Вакцинацияға 18 жастан асқан тұрғындар санаттары жатады. Вакцина +2+8 градус температурада сақталады.
#CoronaVac #СпутникV #вакцинация #Қытай #препарат #коронавирус