USD 510.81
EUR 578.59
RUB 6.51
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанның Жапониядағы жаңа Елшісі тағайындалды

  • 01.июня.2021, 10:16,
  • 301

Сабр Есімбеков Қазақстанның Жапониядағы Елшісі болып тағайындалды. 

Сабр Есімбеков 1964 жылы 27 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

КСРО СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын; КСРО ҒА (РҒА) Шығыстану институтының Жапон зерттеулері орталығын; Йокогама мемлекеттік университетін бітірген.

Өзінің дипломатиялық мансабын 1995 жылы Қазақстан Республикасының Жапониядағы Уақытша сенімді өкілі қызметінен бастаған. 1997-2000 жылдары Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде бірінші хатшы ретінде жұмыс істеді.

2000 жылдан 2012 жылға дейін мұнай-газ компаниялары мен инвестициялық холдингте әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды.

2012-2014 жылдары Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті болды.

Қазақстанның Жапониядағы елшісі болып тағайындалғанға дейін "АЛМЭКС" Холдингтік тобы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.

II сыныпты екінші хатшы дипломатиялық дәрежесіне ие.



#СабрЕсімбеков #Жапония #Қазақстан #елші 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30