USD 504.49
EUR 587.73
RUB 6.57
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Электросамокат қозғалысы не болды?

  • 11.июня.2021, 15:37,
  • 233

Ішкі істер министрлігі электросамокаттардың еркін қозғалысына шектеу салмақ

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев электросамокаттардың жол қозғалысының қатысушысы емес екенін атап өтті, өйткені заңда мұндай көлік құралы жоқ. Біріншіден, бұл техникалық құрылғы үшін сертификация жоқ. Екіншіден, олар көлік құралына қойылатын талаптарға сай келмейді.


"Қазіргі күні электросамокаттардың автомобиль жолдары мен трассалармен жүруіне қатаң тыйым салынады, өйткені олар жол қозғалысының қатысушысы саналмайды. Веложолақтар мен тротуарлар бойынша да мәселе қарастырылуда, өйткені кей самокаттардың жылдамдығы сағатына 20 шақырымнан асады", - деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.


Оның айтуынша, Еуропаның кейбір елдерінде самокат жылдамдығына байланысты шектеулер енгізілген. Мысалы, жылдамдығы 20-дан асса – велосипед жолдарымен жүре алады, ал 12-ден аспаса, онда жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүруге рұқсат.


"Қазір барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен бірге жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының шешімімен қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі деп ойлаймын", - деп қосты ІІМ басшысы.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.02.2021
22.09.2020
20.05.2020
29.11.2019
01.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031