2020 жылдың 3 наурызынан бастап "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауға бағытталған Ахуалдық орталық жұмыс істей бастады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай "Батылдық үшін" халықаралық әйелдер сыйлығының иегері болды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми сайты хабарлады.
Елімізде 2025 жылға дейін денсаулық саласына 28 трлн теңге жұмсалатын болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақсылықова айтты.
Пробация қызметі заңнамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық сотынан экс-премьер Серік Ахметовтің қамаудағы мерзімін қысқартуды сұрады.
Қазақстанда Қытайдың 248 азаматы карантинге жатқызылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.
Нью-Йорк соты Мұхтар Әблязовті 140 мың доллар төлеуге міндеттеді.
Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырды делінген қазақстандық елшілікпен байланысқа шықты. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Жаңаөзенде қалалық аурухананың медбикесі WhatsApp мессенджерінде коронавирус туралы жалған мәлімет таратқан.
Nur Otan партиясының жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев пара алуға жақын жекеменшіктегі 7 университеттің тізімін жариялады.
Коронавирус індетінің жаппай таралуы мамырда тоқтайды. Бұл туралы Алматы қаласы Сапа бақылау және тауарлар қауіпсіздігі департаментінің аса қауіпті инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Саят Қауметбаев айтты.