Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты 2020 жылдың 16 наурызынан бастап жолаушылардың теміржол көлігімен жүруіне шектеу енгізілді.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада карантин жариялануына байланысты мекемелерді қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшуге шақырды.
Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жарияланды.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирусқа тексеру кезінде карантиннен қашқандар туралы айтып берді.
Италияның кинематографистері коронавирус пандемиясына байланысты "10 күн өткен соң" атты ролик түсірді.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27 адамға жетті.
Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
Жеке кәсіпкерлерге Қазақстанда Төтенше жағдай режиміне байланысты 90 күнге несие бойынша төлемдері кейінге қалдырылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.
Әлемдік мұнай бағасы қайта қалпына келіп, 4 пайызға жоғарылады.
АҚШ мамандары алғаш рет адамға коронавирусқа қарсы вакцина салды. Оны жаппай пайдалануға беру үшін әлі де уақыт қажет.