USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Денсаулық сақтау саласына 28 трлн теңге жұмсалады

  • 04.наурыз.2020, 16:00,
  • 483

Елімізде 2025 жылға дейін денсаулық саласына 28 трлн теңге жұмсалатын болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақсылықова айтты.


"2020-2025 жылдары денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасында 2025 жылға дейін денсаулық сақтау шығындарын ЖІӨ 5% дейін жеткізу қарастырылған. 2019 жылдан 2025 жылға дейінгі денсаулық сақтаудың жалпы шығындары 28 трлн теңгені құрайды. Оның 13 трлн теңгесі немесе 47% мемлекеттік бюджеттен, МӘМС активтерінің шығысы - 3 трлн теңге немесе 11%, халықтың шығысы - 11,8 трлн теңге", - деді Б. Жақсылықова ҚР Парламенті Сенатында өткен жиналыста.


Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің орташа жалақысын жариялады. 2020 жылдың қаңтарынан бастап, дәрігерлердің жалақысын 30%, орташа медициналық қызметкерлердің жалақысын - 20% арттыру ескеріле отырып, барлық медициналық көмек көрсету тарифтері көтерілді.

скачать dle 12.0
Фото авторы : holanews.kz
Тағы да оқыңыздар:
05.02.2020
06.11.2019
06.11.2019
16.10.2019
09.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930