"Қазақстан су жолдары" кәсіпорнының Павлодар облысындағы филиалының директоры А.З.Сейпышев 3 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров хабарлады.
Қазақстан қор биржасында доллардың орташа сараланған валюталық бағамы 399,2 теңгеге жетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне арналған шараларды және әскери парадты өткізбеу жөнінде тапсырма берді.
Нұрғазы Әбдіқанов, Марғұлан Бектұрғанов және Шолпан Даниярова жоғарғы сот судьясы лауазымына сайланды.
Қазақстанда коронавирус қаупіне байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады.
Еліміздің мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығады, ал ЖОО-да оқу процессі қашықтықта өтеді. Бұл туралы Вице-премьер Ералы Тоғжанов хабарлады.
Әлемде коронавирустың таралуы күшейді, осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияны жариялады.
Қазақстан полициясының сұратуы бойынша Қырғызстанда "Estate Ломбард" директоры Әсет Ысқақов ұсталды.
Голливуд актері Том Хэнкс өзі және әйелі Рита Уилсон коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.