Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Павлодар облысында тiркелді.
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар 24" телеарнасындағы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңа шектеу ережелерін бұзғандар қалай жазаланатынын айтты.
Қазақстандық оқушылар 6 сәуірден бастап қашықтан оқуға көшеді.
Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты өкілі Қазақстандағы коронавирустан вакцина әзірлеу жоспары туралы айтып берді. Орталық директоры Хайрулла Абеуов оны дайындауға бір жыл керек деді.
Коронавирусты жұқтырған қазақстандық бойжеткен КТК арнасына эксклюзив сұхбат берді. Тілшілердің мәліметінше, коронавирус жұқтырып, ауруханаға жатқызылған бірде-бір адам дерт жайлы айтқысы келмеген.
Алматыда тұрғындардың бірі коронавирус ошағының қоршауға алынған сәтін видеоға түсіріп алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған қазақстандық әйел жайлы жазба жариялады.
Коронавирустан бірінші қазақстандық қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің мәлімдеді.