USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жаңаөзенде коронавирус тіркелді деген ақпарат таралды

  • 04.наурыз.2020, 11:00,
  • 528

Жаңаөзенде қалалық аурухананың медбикесі WhatsApp мессенджерінде коронавирус туралы жалған мәлімет таратқан.

Әйелдің айтуынша, ол осылайша туыстарын алдамақ болған.

Басылымның мәліметінше, кеше, 3 наурызда WhatsApp мессенджерінде Жаңаөзенде коронавирус жұқтырғандар анықталды деген хабарламалар тарай бастаған. Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды және Жаңаөзенде коронавирус тіркелген жоқ.


Жалған хабарлама таратқан әйелдің аты-жөні анықталды, оның есімі - Арухан Шырақбаева.


Шырақбаеваның айтуынша, ол қалалық ауруханаға вирус жұқтырды деген күдікпен Оңтүстік Кореядан студент қыздың келгенін айтты. Осыдан кейін ол тұрғындарынан кешірім сұрап, видео жариялады.


"Шындыққа жанаспайды. Жаңаөзен тұрғындарынан кешірім сұраймын", - дейді Арухан Шырақбаева.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.03.2020
20.02.2020
31.01.2020
30.01.2020
29.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031