USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Оңтүстік Кореядағы қазақстандық карантинге жатқызылады

  • 04.наурыз.2020, 12:30,
  • 560

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырды делінген қазақстандық елшілікпен байланысқа шықты. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Министрліктегілер қазақстандықтың Оңтүстік Кореяда заңсыз жүргенін айтады.

"Ол өзі бізбен байланысқа шықты. Әлеуметтік желілерде суреттері таралып жатқанына таңғалып жатыр. Ансон қаласында ешқашан болмаған да екен, сараптама да тапсырмаған. Дегенмен сараптама тапсыруға дайын екенін айтты", - деді министрлік өкілі брифингте.


Смадияров қазақстандықтың карантинге жатқызылуы керегін айтады.


"Қазақстандықта коронавирустың ешқандай белгілері жоқ. Оған ауруханадағылар коронавирусқа тексеріле алмайтынын және ауруханада жатқызылмайтынын айтқан. Елшілік бұл мәселені бақылауға алды. Осыған байланысты СІМ өкілдері БАҚ-тардан расталмаған ақпарат жарияламай, елді дүрліктірмеуді сұрайды", - деді Смадияров.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.11.2019
13.11.2019
21.10.2019
23.08.2019
24.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930