USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Парақорлық жайлаған ЖОО-лар қандай?

  • 04.наурыз.2020, 10:00,
  • 491

Nur Otan партиясының жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев пара алуға жақын жекеменшіктегі 7 университеттің тізімін жариялады.

Бұл туралы Nur Otan партиясы Jas Otan жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев "Таза сессия" акциясының екінші кезеңінің қорытындысында айтты. Анонимді сауалнамаға еліміздегі 64 жеке меншік жоғары оқу орнында оқып жатқан 20 мыңнан астам студент қатысқан.

"Көптеген студент пара беруді ЖОО оқымай-ақ бітірудің жолы сияқты көреді. Десек те, оқытушылардың өздерін осындай жағдайда оқу бітірген, түлектерінің алдағы тағдыры алаңдатып отырған жоқ. Jas Otan жастар қанатының белсенділеріне студенттер көптеп хабарласып, көмек сұрайды. Сауалнамалар негізінде студенттердің жемқорлық фактілерін көрсеткен 7 жоғары оқу орнының рейтингі жасалды. Бұлар: Нұр-Сұлтан қаласындағы Медициналық университет, Жетісай қаласындағы "Сырдария" университеті, Алматыдағы Қазақ туризм және спорт академиясы, Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет, Алматыдағы Орталық Азия университеті, "Алматы" университеті, С.Баишев атындағы Ақтөбе университеті", - дейді Елнұр Бейсенбаев.


Респонденттердің пікірінше, жемқорлық дереі ең көп емтихан және есеп тапсыру кезінде (23,8 пайыз), диплом жұмысын қорғау кезінде (8,7 пайыз) екені анықталған. Ал, "ЖОО студенттер параны кімге көп береді" деген сұрақ бойынша студенттердің 30 пайызы конвертті оқытушыларға беретіні, ал 4,4 пайызы ректорларды тікелей сатып алатыны анықталды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.02.2020
23.11.2019
15.11.2019
01.11.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930