Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұру үшін келіп, тіркелуген адамдар саны 5 409-ды, елімізден кеткендердің саны 18 198 адамды, көші-қон сальдосы 12 789 адамды құрады.
Қазақстан Президенті Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсонға көңіл айтты.
Өткен аптада Ауғанстаннан эвакуацияланған 35 қазақ бес облыстың бірінде қоныстана алады. Бұлар: Павлодар, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Оқу жылының басынан ҚР Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне азаматтардан 70-ке жуық өтініш келіп түсіп, білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің қызметкерлері шаралар қабылдады.
Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының тұрақтануы туралы айтты.
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Талғат Ақшабаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамаққа алу мерзімін ұзартты.
Барлық аймақтарда көмір қоры жеткілікті мөлшерде қордаланған, ешқандай толқу немесе тапшылық болмайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.
13 қыркүйекте кешке Қытайда шахматтан онлайн олимпиаданың плей-офф ойындары аяқталды.
Тыйым салынған сайттың сілтемесі Ресейде 2008, 2014 және 2021 жылдары шыққан оқулықтардан табылған.
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында депутаттар азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауды күшейтуге қатысты заң жобасын талқылады.