USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әлеуметтік жәрдемақыны көтеру мәселесі талқыланып жатыр

  • 14.қыркүйек.2021, 12:51,
  • 342

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында депутаттар азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауды күшейтуге қатысты заң жобасын талқылады.

Құжатта қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар, атап айтқанда, бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы беру, жәрдемақы мөлшерін ұлғайта отырып, 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектік топтарын белгілеу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру және т.б. жазылған.


"Заң жобасының мақсаты ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қорғау, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру, зейнетақымен қамсыздандыру, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік сақтандыру мәселелерін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру болып табылады", - деді Нариман Төреғалиев.


Сонымен қатар, құжатта жұмыссыздарды еңбек биржасында тіркеу және жұмыссыз мәртебесін алу рәсімдерін жеңілдету тетіктері жазылған.

Сенаторлар комитет отырысының қорытындысы бойынша аталған заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.08.2021
15.07.2021
11.12.2020
18.11.2020
11.11.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031