USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ауғанстаннан көшірілген қандастар елімізде қоныстануы үшін тек 5 облыстың бірін таңдай алады

  • 14.қыркүйек.2021, 16:28,
  • 2 041

Өткен аптада Ауғанстаннан эвакуацияланған 35 қазақ бес облыстың бірінде қоныстана алады. Бұлар: Павлодар, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Ақпаратқа қарағанда, Ауғанстаннан келген әрбір отбасына 204 мың теңгеден беріледі. Бұған қоса, бір жыл бойы ай сайын баспана жалдауға 87 мың 500 теңге қаржылай көмек көрсетіледі.


Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлының айтуынша, жоғарыда аталған жеңілдіктер Ауғанстан қазақтары аталған облыстарға қоныстанса ғана беріледі.


Бұған дейін олардың Алматыдағы қонақ үйлердің біріне орналасқаны хабарланған еді. Олар мұнда 24 қыркүйекке дейін болады. Соған дейін олар қай өңірге барып қоныстанатынын шешуі тиіс.


Билік дипломы барларына мамандығы бойынша жұмысқа тұруына көмектесетінін, білімі жоқтарды арнайы курста оқытуды жоспарлап отырғанын айтады.


"Барлық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазір министрлік тарапынан қай жерге ол кісілерді тұрақтандыратыны туралы жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді Данияр Әлкебайұлы.


9 қыркүйекте Қазақстан билігі Ауғанстаннан 35 қазақты Атамекеніне ұшақпен жеткізгенін хабарлаған.


Тәліптер басып алған Ауғанстанда әлі жүздеген қазақ қалған. Олар Қазақстанға көшкісі келетінін айтып, Нұр-Сұлтаннан жәрдем сұрап келеді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.03.2021
23.01.2021
23.11.2020
27.12.2019
12.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031