USD 488.93
EUR 532.4
RUB 5.04
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ағылшын тілі оқулығында порно сайттың сілтемесі қайдан жүр?!

  • 14.қыркүйек.2021, 13:04,
  • 181

Тыйым салынған сайттың сілтемесі Ресейде 2008, 2014 және 2021 жылдары шыққан оқулықтардан табылған.

"Краснодарда алтыншы сынып оқушылары ағылшын тілі оқулығынан порнографиялық сайттың сілтемесі жүргенін анықтаған. Оқушылардың бірі мұны әкесіне айтқан, содан кейін бұл масқара жайт ата-аналар чатында белсенді түрде талқыланып, ақыры үлкен дауға айналды. "Просвещение" баспасы порно сайттың сілтемесі табылған Spotlight оқулығын басып шығаруды кілт тоқтатып, ресми мәлімдеме жасады", - делінген хабарламада.


Сілтеме "Who are you?" тақырыбындағы тапсырмалар жазылған беттің төменгі жағында тұрған. Оған кірсеңіз, екі порнографиялық суретті, порнографиялық әңгіме мен ер мен әйелдің сальса биінің видеосын көруге болады.


Мектеп оқушыларына арналған ағылшын тіліндегі мұндай оқулықты екі белді мемлекеттік орган - Ресей ғылым академиясы мен Ресей білім академиясы қалай мақұлдағаны - бәрінен де қызық.


""Просвещение" баспасы порно сайттың сілтемесі жарияланған ағылшын оқулығының баспа нұсқасын басуды және таратуды тоқтатты", - деп хабарлады баспасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ТАСС


Олар сонымен қатар баспа Ресей Федерациясының аумағында суретте көрсетілген ресурсты бұғаттау туралы өтінішпен Роскомнадзорға жүгінгенін айтты. "Просвещение" оқулықтың электронды нұсқасына түзетулер енгізіп, оған бұрынғы сілтемелер арқылы кіруге болады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.07.2021
21.01.2021
15.12.2020
28.11.2020
15.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031