Қазақстанда ерекше тәртіппен тексерулер жойылады. Бұл туралы Мәжілісте кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеу саясатын енгізу туралы заң жобасының таныстырылымында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов айтты.
Шымкент қаласының әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады. Бұған дейін мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларының әуежайларында қолжетімді болатын.
Алматыда жүк көлігі мен "Жигули" қатысқан жол апаты болды. Sputnik.kz таратқан ақпаратқа сүйенсек, ВАЗ-2106 Мөңке би көшесімен қозғалып бара жатқан, жолдың Момышұлымен қиылысына жақындағанда жеңіл машина жол жиегінде тұрған ауыр техникаға соғылады.
Қостанай қаласында орталық аулалардың біріндегі балалар алаңында сегіз жасар қыздың үстіне әткеншек құлады.
Ақылы жолдардың жекелеген учаскелері бойынша төлемдер шамамен 50%-ға төмендеуі мүмкін. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан қаласындағы бір университеттің 18 және 19 жастағы екі студент қыздың шағын супермаркеттерде ұрлықпен айналысқаны ашылды.
Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің нәтижесі бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 106 жағдайы тіркелді.