USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мектеп мұғалімдері гольф алаңын тазартуға мәжбүр болды

  • 14.қыркүйек.2021, 15:05,
  • 200

Оқу жылының басынан ҚР Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне азаматтардан 70-ке жуық өтініш келіп түсіп, білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің қызметкерлері шаралар қабылдады.

Мәселен, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Б.Омаров атындағы №50 мектеп мұғалімдері мектеп директорының міндетін атқарушы оларды курорттық аймақта гольф алаңын тазалау жұмысына тартқаны үшін шағымданды. Мәселенің мән-жайы анықталғаннан кейін лауазымды тұлға қызметінен босатылды.


Түркістан облысында балабақша тәрбиешісі қызметінен заңсыз босатылған, алайда әкімдіктің білім басқармасы оның құқығын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдамаған. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменті қызметкерлерінің араласуынан кейін ғана тәрбиеші бұрынғы жұмысына қайтып оралды.


Атырау облысында педагогикалық этика ережелерін бұзғаны үшін Қ. Ахмедияров атындағы орта мектептің мұғалімі жұмысынан босатылды.

Алматы облысында департамент қызметкерлері мұғалімнің өтінішінен кейін шаралар қабылдады. Өтініште мұғалім білім беру ұйымдарында ақша жинау және оларға тән емес функцияларға тарту фактілері туралы хабарлаған. Мәселе қаралғаннан кейін Текелі қаласындағы №6 орта мектебінің директорын қызметінен босату туралы шешім қабылданып, осыған ұқсас фактілер расталды. Сонымен қатар Текелі қаласы әкімдігінің білім бөлімі басшысының м.а. тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.


Педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерінің ең көп бұзылуы Түркістан және Алматы облыстарында байқалады.


Сонымен қатар әлеуметтік желілерде иммунизациялау шаралары бойынша тізім жасау туралы құжат жарияланды. Мұндай ақпаратты жинау жөніндегі бұйрық ҚР БҒМ-мен қарастырылмаған. Аудандық білім бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша әр облыста педагогикалық әдеп жөніндегі комиссиялар құрылды, олар педагогтердің құқықтарын бұзу бойынша өтініштер мен фактілерді жедел қарайды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.08.2021
11.11.2020
30.08.2020
28.08.2020
23.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031