USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Көмір өндірісі қысқарып келеді

  • 14.қыркүйек.2021, 13:59,
  • 146

Барлық аймақтарда көмір қоры жеткілікті мөлшерде қордаланған, ешқандай толқу немесе тапшылық болмайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

ҚР ИИДМ басшысы ArcelorMittal-да көмір өндіру көлемі технологиялық себептерге, ал Восточный мен Майкөбен-Вест кен орындарында халықтың сұранысының төмендеуіне байланысты төмендегенін айтты.


Бұл ретте "Богатырь Көмір", "ШұбаркөлКөмір" және "Қаражыр" кеніштерінде өндіріс көлемінің артқаны байқалады.


Атамқұловтың айтуынша, әкімдіктердің мәліметтеріне сүйене отырып, ол басқаратын ведомства 2021-2022 жылдарға коммуналдық қызметтер мен халыққа арналған көмір өнімдерінің қажеттіліктері бойынша жоспар құрды.


"Бұл жоспар бойынша тұтыну көлемі шамамен 9,2 миллион тоннаны құрайды, оның 2,8 миллион тоннасы коммуналдық салаға, 6,4 миллион тоннасы халыққа қажетті. Өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда, біздің елімізде көмірді тұтыну көлемі биылғы қыста 800 мың тоннаға төмендейді. Тұтыныстың азаюы халықты газдандыру және сұраныстың төмендеуімен байланысты (халықтың көмірді тұтыныс көлемі 6,4 млн тоннаға дейін төмендеді, өткен қыста бұл көрсеткіш 7,2 млн тоннаны құрады)", - дейді министр.


9 қыркүйектегі жағдай бойынша, министрдің келтірген мәліметтеріне сүйенсек, көмір қорымен қамтамасыз ету сұраныс жоспарына қатысты болды: коммуналдық шаруашылық - 73%, халық - 60%.


"Жалпы алғанда, барлық аймақтарда көмір қоры жеткілікті мөлшерде қордаланған, дүрмек пен тапшылық болмайды (107,3 ​​млн тонна). Теміржол көлік паркі көмірді толық көлемде тасымалдауды қамтамасыз етеді", - деді Атамқұлов.


Бұл ретте ол көмірдің бағасын белгілеу нарықтық қатынастар негізінде қалыптасатынын және мемлекет тарапынан реттелмейтінін атап өтті.

Әкімдіктердің мәліметінше, өңірлерде көмірдің бір тоннасы 5-19 мың теңге аралығында сатылып жатыр. Баға, ең алдымен, көмірдің сортына, өндіріс құнына және жеткізу қашықтығына байланысты.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.09.2021
18.08.2021
02.06.2021
13.09.2019
26.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930