USD 425.3
EUR 501.05
RUB 5.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Біртановтың үй қамақтағы мерзімі ұзартылды

  • 14.қыркүйек.2021, 14:09,
  • 13

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Талғат Ақшабаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамаққа алу мерзімін ұзартты.

Сот отырысында прокурор Төлеген Жараспаев биылғы жылдың 7 шілдесінде қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғанын, процеске қатысушылардың қылмыстық іс материалдарымен танысу сатысында екенін еске салды.


Қылмыстық істің өзі, оның айтуынша, 133 томнан тұрады, онда заттай айғақтар, фонограммалар және басқа да қосымша материалдар бар.


"Үй қамақ мерзімі 14 қыркүйекте аяқталады, ал біз іс құжаттарымен толықтай танысып үлгермей жатырмыз. Осыған байланысты мен қылмыстық қудалау органдарының өтінішін қанағаттандыруды және үй қамақта ұстау мерзімін екі айға, яғни 2021 жылдың 14 қарашасына дейін ұзартуды сұраймын", - деді Жараспаев.


Судья Талғат Ақшабаев өз кезегінде тергеу органдарының мерзімді екі айға ұзарту туралы өтінішін қанағаттандырды.


Айта кетсек, 14 шілдеде үй қамақтағы бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мерзімі екі айға ұзартылған болатын.


Біртановтың қорғаушылары, сол кезде сот шешімімен келіспей, сот үкіміне қарсы шағым түсіріп, өз қорғауындағы адамды заңсыз түрде үй қамағына алынғанын айтқан болатын.


8 шілдеде Қаржы мониторингі агенттігі Елжан Біртанов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін аяқтағаны белгілі болды.


Біртановқа 2020 жылдың маусымында санитарлық авиация ұшағын жеке мақсатқа пайдаланып, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, қолданысқа енгізу арқылы қызметтік өкілеттігін асырды деген күдік келтіріледі.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.06.2021
06.05.2021
21.04.2021
22.02.2021
20.01.2021
ПІКІР
14 қыркүйек14:23,
Экономика
Көкөніс бағалары төмендеп жатыр  
14 қыркүйек13:59,
Экономика
Көмір өндірісі қысқарып келеді  
14 қыркүйек11:03,
Тарихи мұра / Фото
ШҚО ерекше тарихи маңызы бар обалар табылды   Фото
13 қыркүйек15:06,
ҚОҒАМ
800-ден сайт бұғатталды  
13 қыркүйек09:46,
саясат / Видео
Ұлттық қауіпсіздіктің жағдайы қандай?!   Видео
«    Қыркүйек 2021    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930