Тәліптер Ауғанстан Ислам Эмиратын жарияламақ. Ауған елі шариғат бойынша өмір сүріп, қарапайым халыққа қысым көрсетіліп, құқықтары тапталуы ықтимал. Террористік ұйым болып танылған Талибан толық дербес елді басқармақшы.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Екі айтулы жиын да Тәжікстанда өтеді.
Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады.
Гарвардтағы Т.Х.Чан атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшысы, доктор Сара Форчун балалардың коронавирустың "дельта штаммын" жұқтыру қауіпі мен ауруы қаншалықты ауыр жүретінін айтып берді.
"31-арна" Бас директор лауазымына Жұмағали Құрманбек тағайындалғанын жариялады. Бұған дейін Ж.Құрманбек "Астана" телеарнасының бас директоры қызметін атқарды.
2021 жылдың сегіз айында Қазақстанда есірткі сату бойынша 800-ден астам сайт бұғатталды, деп мәлімдеді брифингте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Бақытжан Әмірханов.
РФ Еңбек министрлігі ер азамат суррогат анадан туған баласының жалғыз ата -анасы болған жағдайда, оған ана капиталын алуға мүмкіндік беретін заңнама әзірлеуде.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегацияның Швейцария Конфедерациясына жасаған ресми сапары барысында ірі швейцариялық компаниялардың басшыларымен кездесулер өтіп, Қазақстанда бірқатар әлеуеті жоғары инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша нақты келіссөздер жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Қожағапанов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Ерлан Қожағапанов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды.